Жаңалықтар

Боран әлекке салды

   9 ақпан күні ауа райы құбылып, төтенше жағдайлар орын алды. Боранның салдарынан Қарағандының кіре берісіндегі Дубовка кенті маңындағы тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы болып, 6 автокөлікке зақым келді. Бұл жөнінде Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан ҚҰДИЯРОВ мәлім етті.

«Таңертеңгілік уақытта боран салдарынан алты автокөлік соқтығысып қалды. Абырой болғанда қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ», – деді Б.Құдияров.

Дәл осы күні Қарағанды мен Қаражал бағытындағы жолаушылар автобусы аударылды. Жолдан шығып кеткен автобустың ішінде 20 жолаушы болған. Олардың 15-і ересек адам, 5 бала көрінеді. Жолаушыларға ешбір зиян келмеген. Сондай-ақ, облыстың барлық бағытындағы тасжолдар жабылды.

Табиғаттың тосын мінезінен Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры да бүлінді. 1 200 шаршы метрлік бес қабатты үйдің шатырының 300 шаршы метрін дауыл ұшы­рып әкеткен. Ең бастысы, тұрғындар дін аман.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button