«Болашағын ойлаған жас ұлтын сүйеді»
Желтоқсан оқиғасы – қазақтың тарихындағы ең маңызды бетбұрыстарының бірі болды. Сол оқиғада Алматының орталық алаңындағы жастар өз халқының құқығын қорғап, Кеңес Үкіметінің әділетсіз саясатына қарсы шығып, жанын берді. Осы ұлт үшін жанын қиған боздақтар Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойып жатады. Желтоқсан жайлы ашық шындықтардың айтылмай қалуының бірден-бір себебі осы деп ойлаймын. «Желтоқсан құрбандары мен батырлары» деп тек саусақпен санарлық тұлғаларымызды ғана айтып өтеміз, ал, негізі оның саны біз ойлағаннан да көп.
Бүгінде ұлтын, елін сүйетін жастар көп. Олардың қатарында қазақ елінің дамуына ықпалы тиіп жүрген жастар баршылық. «Өткеніңді ұмытсаң, болашақ саған тас лақтырар» деген сөз бар. Болшаққа нық қадам жасай алатын жастардың көбейгені жақсы.
Білім жолын дәріптейтін маман болғандықтан, әрбір сабағымда оқушыларыма Желтоқсан жайын баяндап отырамын. Өйткені, ұлтын сүйетін жастар болашақты ойлайды деп есептеймін.
Жангелді КЕНЖЕБАЙ,
Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.