Ресми
Болашағымызды белгілеген бағыттар
Еліміздің жаңа Конституциясы жобасында мәдениет, білім және ғылым салаларына ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Бұл бағыттар – кез келген мемлекеттің рухани әрі зияткерлік дамуының негізі.

Құжатта сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау, ғылымды дамытуға қолдау көрсету және ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға жағдай жасау мәселелерінің қамтылуы – болашақ ұрпақ үшін маңызды қадам. Өйткені мәдениеті мен білімі, ғылымы жоғары қоғам ғана бәсекеге қабілетті ел бола алады. Сондықтан мұндай бастамаларды қолдау ортақ міндет деп санап, 15 наурызда өтетін референдумды мақұлдаймын.
Қазбек Талашев,
Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің директоры



