Қарағанды

Болашақтың бастауы

    Жақында Ш.Батталов атындағы мектепте сынып жетекшілеріне арналған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өтті. Курстың мақсаты – жастардың санасына патриотизмді, Отаны үшін ұлы жауапкершілікті сіңіру, сынып жетекшісінің кәсіби шеберлігі мен саясатты дұрыс ұғынуын қалыптастыру.

   Бағдарлама сынып жетекшісінің кәсіби біліктілігіне жаңаша көзқарас қалыптастыруды, «Ендігі Ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті» ұғымын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуді, құзыреттілікке негізделген тәрбие сабақтарын жобалау дағдыларын дамытуды, тәрбиелік қызметтегі шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдерін жетік қолдануды меңгертуге бағытталған.

   Мектептердің іс-тәжірибесінде патриоттық тәрбиені дамытуда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын тәрбие процесіне енгізуді жобалау, сыныпта өткізілетін тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы іс-шараларды жоспарлау, сабақ өткізуде заманауи тәсілдерді пайдалану, Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесіндегі патриоттық тәрбиені дамыту қолданылады.

   Курсқа қатысушылар білім беру мазмұнының басым бағыттарын, отбасы тәрбиесіндегі балаларды әлеуметтендіруде сынып жетекшісі ролінің ерекшелігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізіндегі сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін меңгерді. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» – жарқын болашаққа бастар жол» атты мектепшілік іс-шараның апталығын өткізу жоспарланды.

Гүлнар БАЯНДИНА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА

институты ДБО тренері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button