Жаңалықтар

Болашақты айқындайтын белес

Приозерск қаласындағы №258 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген 18 жастағы Сәкен Оралхан өз таңдауын жасап, бірінші рет дауыс берді.

– Жасым он сегізге толды. Бүгін науқаннан қалмай, алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл – әрі қызық, әрі өмірімдегі бірінші таңдауым. Сол үшін мұндай маңызды шараға ерте келдім. Болашақ үшін дауыс беру – әр азаматтың еркі әрі борышы, – деді ол.
Ал, өз кезегінде №258 референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Динар Рамазанқызы алғаш рет таңдау жасаған Сәкен Оралханға сый-сияпат жасады.
Айта кетейік, референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button