Бас тақырыпБасты тақырып

Болашақ футболистер «Қарағанды футбол академиясында» шыңдалады

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының (КОАФ) президенті болып тағайындалды. Турлов аймақтағы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жүйелі шараларға бағытталған төрт жылдық стратегиялық бағдарламаны ұсынды.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Осыдан бір ай бұрын мен Қарағандыда болдым. Енді мұнда жиі келетін сияқтымын. Шамасы тағдырдың өзі бұл аймақпен менің және Freedom компанияларының бүкіл тобының ерекше байланысы мен үлкен болашағы бар екенін айтады. Қарағанды спортқа сүйіспеншілігі бар өңір. Мұнда футбол тек ойын ғана емес, мәдени кодтың бір бөлігі. Футболдың дамуы үшін нақты нәтиже беретін жүйелік тәсілдер, ашық басқару және мақсатты инвестициялар қажет. Жергілікті футбол жаңа мүмкіндіктерге, инфрақұрылымға және өсу перспективаларына ие болуы үшін дәл осы тәсілді жергілікті жерлерде де қолдану керек, – деп атап өтті Тимур Турлов.

Бұқаралық футболда Қарағанды Ассоциациясының жаңа президентпен оқу орындарына арналған жобаларды, әуесқойлық турнирлер жүйесін дамытуды, қыздарға арналған фестивальдар өткізуді, бүкіл облыс бойынша, оның ішінде ауылдарда шағын көлемді алаңдар салуды жоспарлап отыр.

Жоспар бойынша 2029 жылға қарай өңірлік федерация ALGA жобасы бойынша 100-ден астам балабақша мен мектепті, 40 000-нан астам оқушыны және 3600 студентті қамтиды. Резервті дайындау жоспары өңірдің БЖСМ-де манеждер мен толық көлемді алаңдар салуды және қолданыстағы алаңдарды жаңартады.

Сонымен қатар, Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының жаңа басшысының айтуынша, облыстық чемпионаттардың форматы да өзгереді.

Егде жастағы футболшылар апталық циклде толыққанды чемпионаттарда бақ сынайды. 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін шағын форматтағы турнирлер өткізу жоспарлануда. 10 жасқа дейінгі ойыншылар тұрақты бір күндік фестивальдерге қатыса алады.

Балалар мен жасөспірімдер футболының үздік жаттықтырушыларында УЕФА лицензиясына оқуға және халықаралық тәжірибеден өтуге гранттар пайда болады.

Жалпы Freedom Holding Corp инвестициясынан Қарағанды облысындағы футболды дамытуға төрт жыл ішінде 18,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Оның 12 миллиарды Академия құрылысына, ал қалған бөлігі жаппай футболды дамытуға және аймақтағы резервті дайындауға арналған.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button