Бас тақырып

Болашақ бәрімізге ортақ

Бүгінгі Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясын мұқият тыңдадым, маған ерекше әсер еткені – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Қазақстанда адамды дініне, ұлтына, тіліне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да, барша азаматқа бірдей мүмкіндік берілген» деген сөздері болды.

Сурет liter.kz

«Иә, бұл – біздің елдің басты құндылықтарының бірі. Қазақстан – көпұлтты және көпдінді мемлекет, мұнда барлық азаматтар тең құқыққа ие. Біз бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп келеміз, бұл бағыттағы ұстанымымыз өзгермейді.

Бүгінгі таңда елімізде жүзден астам ұлт пен этнос өкілдері өмір сүруде. Олар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келеді.

Мемлекет әрбір этнос пен діни топтың мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтауға жағдай жасап отыр. Мектептерде ана тілінде оқытуға мүмкіндік бар, ұлттық мерекелер кеңінен аталып өтуде.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар этносаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Біз үшін ең бастысы – ортақ тарих, ортақ тағдыр және ортақ болашақ. Осы қағидаттар бізді біріктіреді. Сондықтан әрбір азамат, қай ұлттың өкілі болмасын, еліміздің дамуына бірдей үлес қосуға, өз орнын табуға мүмкіндігі бар.

Бұл – біздің Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының кепілі.

Бриллиант АЛИЕВА,

Қарағанды облысы ҚХА әзірбайжан «НАМУСКZ» ұлттық мәдени орталығының мүшесі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button