Ресми

Болашақ бүгін қабылданатын шешімдерден басталады

Қарағанды облысы кәрістер қауымдастығы жастар қанатының мүшесі Валерия Цой волонтерлік қызметтің, инновация және креативті ойлаудың жастар өміріндегі маңызына тоқталды. Ол жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

– Ерікті болу мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды миссия. Бұл қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамауға, ел дамуына өз үлесіңді қосуға ынталандырады. Технологиялар қарқынды дамыған заманда жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сол себепті, білімді әрі жауапты жастар – ел дамуының басты тірегі. Сонымен қатар, жастардың пікіріне құлақ асатын жаңа жүйе қалыптасып келеді. Бұл бізге елдегі өзгерістерге белсенді атсалысуға мүмкіндік береді. Сондықтан мен референдумға қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Болашақ бүгін қабылданатын шешімдерден басталады, – деді Валерия Цой.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button