РесмиСпорт

Боксшылар Париждегі Олимпиадаға бес жолдама жеңіп алды

Бокстан Бусто-Арсициода өтіп жатқан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына бес жолдама түсті.

Суреттер: ҚР Туризм және спорт министрлігінен

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал, 51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Кириан Макдонльды 4:0 есебімен жеңді.

57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңіп, жолдама иеленді.

Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов те әзірбайжандық Сархан Алиевті 5:0 есебімен жолда қалдырды.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидимен жұдырықтасып, 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, Нұрбек Оралбай ерлер құрамасынан Париж Олимпиадасына алтыншы жолдаманы қоржынға салды.

Әйелдер арасында өнер көрсеткен Валентина Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен жұдырықтасып, қарсыласынан айласын асыра алмады. Жекпе-жек бойы қарсыласынан басым болған отандасымыз үшінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Сонымен қатар, 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда германиялық Карина Макси Клецермен кездесіп, 3:2 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, бокстан Қазақстан әйелдер командасы Италиядағы іріктеу турнирінде жолдамасыз қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button