Жаңалықтар

Бизнесті қолдау мәселесі бойынша онлайн-кеңес өтті

Төтенше жағдай кезінде бизнеске қосымша қолдау көрсету қажет. Атап айтқанда, уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұлдарды жою және әлеуетті жобаларды қаржыландыру. Бұл туралы аймақ басшысы  Жеңіс Қасымбектің кәсіпкерлермен өткізген онлайн-кеңесінде айтылды.

Карантин кезінде жергілікті бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары мен кәсіпкерлік мәселелері бойынша өткен онлайн-кеңеске  сауда, туризм, құрылыс, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану салаларының өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, МКД және өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Кеңес барысында кәсіпкерлер жұмыс барысында кездескен қиындықтармен бөлісіп, бизнеске қосымша қолдау қажет екенін айтты. Атап айтқанда:

– микро және шағын бизнестің статистикалық есептілігін уақтылы тапсырмағаны үшін айыппұлдарды жою;

– ӘКК немесе МҚҰ арқылы отандық тауар өндірушілердің басым жобаларын қаржыландыру;
– жергілікті құрылыс компанияларының өткізілетін сатып алуларға қатысуына басымдылық беру. Мердігерлердің жергілікті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қарсы міндеттемелер қабылдауы;
– бизнесті қайта бағдарлауға дайын кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу, соның ішінде рұқсат беру құжаттарын жедел рәсімдеу;
– жергілікті өнімдер мен туризм нысандарын кеңінен қолдау.

Облыс әкімі қатысушылардың назарын төтенше жағдай кезінде бизнестің өзекті мәселелеріне аударды.

– Айтылған мәселелердің негізгі бөлігін жергілікті деңгейде шешуге болады. Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін адамдарды шоғырландыру және орталық мемлекеттік органдарға жіберу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ жарияланған сәттен бастап Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында бизнеске көмек көрсететін жедел штаб жұмыс істейді. Күн сайын сарапшылардың байланыс нөмірлеріне жалпы саны мыңға жуық қоңырау келіп түседі.

«Атамекен» ҰКП call-орталығы – 1432,

WhatsApp: +7-778-870-14-32.

Жедел штаб – (8-7212) 50-40-55 (іш. 410),

моб. тел.: 8-701-369-91-22 (Азамат Даненбаев).

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады:

https://atameken.kz/ru/pages/1012-biznesvrezhimechs,

форс-мажор мәселелері бойынша – https://t.me/atameken_certificate_bot,

қаржы қызметтері бойынша – https://t.me/Atamekencallcentre_bot.

Басқа материалдар

Back to top button