Ресми

Бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаның жұмысы туралы

«Protecting Business and Investments» Жобасы 2018 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен инвестициялар және даму министрлігімен және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп іске қосылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде арнайы фронт-офистер ашылды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті PBI-Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобалық офисін белсенді іске асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді іске асыру бизнес өкілдері мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы шеңберінде жүргізіледі, мұнда жалғыз шарт бизнесті парасатты жүргізуге келісім болады.

Осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында инвестордың инвестициялық жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді бірлескен күш-жігермен қамтамасыз ету, оның ішінде жобаны іске асыру кезінде барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.

Жоба қолайлы инвестициялық ахуал құруға, бизнестің билік институттарына сенімін арттыруға, шетелде елдің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етуге арналған.

Жобалық кеңседе шешілген мәселелердің көп саны бар. Инвесторлармен тікелей қарым-қатынас өңірдегі бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін сәттерді анықтауға мүмкіндік берді.

Өткен 2020 жылы «Protecting business and investments» жобасының қызметін іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және бизнес пен инвестицияларды қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ және «Kazakh Invest» ҰК АҚ және «Атамекен» ӨКП өңірлік өкілдері сияқты кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен бірнеше рет кездесулер өткізді. Кездесулер барысында кәсіпкерлер мен инвесторлар тап болатын проблемалық мәселелер талқыланды.

Бүгінгі таңда Департамент PBI жобасы аясында Қарағанды облысының және шет елдердің инвесторларымен және кәсіпкерлерімен жоспарланған инвестициялардың жалпы сомасы 1 триллион 500 миллиард теңгеден асатын 55 келісім жасағандығын атап өткен жөн.

Ағымдағы жылы ғана PBI жобасын іске асыруға үш кәсіпкер сенім білдірді, олардың екеуі шет елдердің өкілдер Ресей Федерациясы және Кипр Республикасы.

Мысалы, 14.01.2021 жылы департамент пен «Сантехпром» ЖШС арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім жасалды. ЖШС директоры Мемлекеттік кірістер органдарында қосылған құн салығын қайтару мәселесі бойынша әкімшілік кедергілерге тап болып, PBI жобасын іске асыру туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан біліп, бюрократизм мен кідіріссіз бизнесті одан әрі жүзеге асыру мақсатында келісім жасасуға ниет білдірді.

05.04.2021 жылы Департамент және «БАС» ЖШС Қарағанды облысында жер қойнауын пайдалануды дамыту бойынша жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды. Осы ЖШС құрылтайшылары және жобаны дамытуға қатысушылар Кипр Республикасының шетелдік инвесторлары болып табылады. Инвестиция сомасы шамамен 3 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Департамент пен «Башкирское шахтопроходческое управление» КЕАҚ филиалы арасында келісім жасалды, бұл жағдайда жобаға Ресей Федерациясының кәсіпкерлері сенім білдірді.

Барлық жобаларды сүйемелдеу елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді. Департамент мамандары кәсіпкерлер өз бизнестерін тыныш және еркін дамыту үшін еңбек етуге ниетті.

Өз кезегінде, инвестор үшін келісімнің жалғыз талабы-адал және ашық бизнес жүргізу міндеттемесі.

Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 мекенжайында орналасқан «ANTIKORORTALYGY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығына немесе 8 (7212) 91-36-00 телефонына хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button