Бас тақырып

Биылғы Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр.

Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.

Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр. 

 Мүбарак Мәуліт айы қыркүйекте басталмақ.

Ескеретін жайт: Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button