Бас тақырып

Биылғы наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылғы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең “қысқа” айлардың бірі.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

8 наурызда қалай демаламыз?

Биыл Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады.  Жұмыс күні – 10 наурыз.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз – жұмыс күні;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.

Наурыз мейрамында қалай демаламыз?

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 

  • 21 наурыз – сенбі;
  • 22 наурыз – жексенбі;
  • 23 наурыз – дүйсенбі.

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button