АймақЖаңалықтар

Биыл Шахтинскіде құрылыс жұмыстарына 16 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады

Бұл туралы брифингте Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков айтты.

Сурет: nur.kz

Биыл Шахан кентінде 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына 16,8 миллиард теңге бөлінбек.

– Жыл соңына дейін кезекте тұрған 85 адамды пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2024 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2 млрд теңгені құрады. 4054 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шахан кентінде бос тұрған 10 пәтер жөнделді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша кезекте тұрғандарға 62 пәтер берілді,-деді қала әкімі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button