Бас тақырыпРесми
Биыл Президент еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті. 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.



