Биыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы экономика өсімі 7,4 пайызды құрады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елдің экономикасы мен азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, әділетті экономикалық жүйе орнатуға, Үкімет пен азаматтар арасында ашық, цифрлық шешімдер арқылы реформаларды жалғастыруға басымдық берді. «Әлем экономикасында теңсіздіктер мен қайшылықтар ушыға түсті. Кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, кейбір елдер жасанды интеллект саласында теңдессіз табысқа жетуде», – деді Президент.

Мемлекет басшысы айрықша назар аударған осы бағыт өңір үшін де маңызды әрі нақты іске асыру алаңдарын ашады. Әсіресе, кәсіпкерлікті қолдау, игілікті инновацияларды, цифрлық трансформацияны тереңдету, әділетті тарту және аймақтық даму жобаларын іске асыру күн тәртібінен түспейтін келелі меже. Әл-әзіргі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде экономиканың жалпы дамуы оң күйде. Тек, биылдың қаңтар-тамыз аралығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында экономика өсімі 7,4% – ды құрады. Осы кезеңде өнеркәсіп саласында 3,168 млрд теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 107%. Құрылыс саласында жұмыс көлемі 25%-ға өсіп, 400,7 млрд теңгені құрады. Көрсеткішке көз тігіп, дүрбі салғанымызда тұрғын үй құрылысында қолданысқа берілген тұрғын үй алаңы 351,7 мың шаршы метрге жетіп, 106,3% көрсеткішке ие болды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 219,2 млрд теңгені құрады. Ішкерідегі сауда көлемі 2,842,9 млрд теңгеге жетеғабыл болып, көлік қызмет көрсету саласы да айтарлықтай дамыды. Қызмет көрсету көлемі 334,5 млрд теңгені құрады. Облыста шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындардың саны – 24,969 бірлік. Өңір осы көрсеткіштер арқылы бірнеше маңызды трендтерді айқындады. Өсу қарқынының жоғары
болуы жалпы экономикалық белсенділіктің артуын білдіреді. Әсіресе, инвестициялар мен өнеркәсіп салаларында. Инвестициялардың 11,1% өсуі және құрылыс секторындағы 25% өсу инфрақұрылымды жаңарту мен тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың тиімділігін көрсетеді. Өндірістің әртүрлі бағыттары – тау-кен, өңдеу, энергетика жабдықтау және экологиялық қызметтер тәрізді бірқатар салаларда тұрақты өсім байқалған. Ауыл шаруашылығы да оң даму көрсеткен. Шағын және орта кәсіп саны сәл төмендесе де, жалпы ЖӨӨ өсімі мен өнеркәсіп пен қызмет көрсету үлестері кәсіпкерлікті дамыту
үшін әлеует бар екенін көрсетеді.
Президент Жолдауында көрсетілген реформалар мен әділ экономика қағидаттары негізінде, облыс үшін мынадай болашағы бар. Цифрлық трансформация. Жолдауда сандық өзгерістер мен зияткерлік шешімдерді енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды және кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландыру мақсаты қойылған. Бұл кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Инвестициялар мен өнеркәсіп кешендерін дамытуға келсек, өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар өсіп келе жатыр. Бұл өндірістік қуаттарды ұлғайтуға тың мүмкіндік береді. Жаңа кәсіптер мен стартаптар тақырыбына оралсақ, шағын және орта кәсіптерді дамыту арқылы, жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерліктің дамуы күшейеді. Заңды базаның нығаюы, реформалар арқылы бизнеске қолайлылық, ашық дерек пен мемлекеттік қолдаулар кәсіпкерлерге әділ әрі тең мүмкіндіктер ұсынады. Әлеуметтік жағынан тұрғын үй құрылысының артуы жолымен тұрғындардың өмір сапасы жақсара түспек. Өнеркәсіп зауыттарында жаңа инвестициялық жобалар, өңдеу өндірістері іске қосылып жатыр, жаңа кәсібін бастағысы келетін стартаптар әлеуетін сезініп отыр. Мысалы, шағын кәсіпкерлер цифрлық платформалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, лицензияларды рәсімдеу және салық есептерін онлайн түрде жүргізуде. Бұл – Жолдауда айтылған «цифрлық өзгерістер арқылы заманауи басқару» идеясының жергілікті деңгейде іске асуы.
Орталық облыс – әділ экономика мен жаңа кәсіпке қолайлы алаң. Өңірде өндіріс пен инфрақұрылым қарқынды дамуда, инвестициялар өсуде, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Жолдауда айтылған реформалар мен цифрлық өзгерістер осы өңір үшін жол ашып отыр.
– Президент Жолдауында айтылған әділ экономика мен цифрлық реформалардың маңызы аймақтардың нақты да- муында айқын көрініс табуда. Қарағанды облысының мысалында біз құрылыс, өнеркәсіп және инвестициялық белсенділіктің жоғарылағанын көріп отырмыз. Инфрақұрылым мен кәсіпкерлікке бағытталған саясаттың нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес үшін қолайлы экожүйе қалыптасуда. Цифрлық шешімдердің енгізілуі кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедер- гілерді азайтып, ашықтық пен тиімділікті арттырады, – деген ойын алға тартты экономист, «QazEconomics Research» талдау орталығының директоры Ербол Сәрсенов.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
«Ortalyq Qazaqstan»



