Бас тақырыпБасты тақырып

Облыстағы кітапханаларда 103 мыңнан астам құжат цифрланды

Сарыарқа – қазақ даласының жүрегі. Дәл осы қасиетті мекенде адамзатқа жол көрсетіп, шырақ жаққан өркениеттер қалыптасты. Ұлттың болмысын айшықтаған мәдениеттің, салт-дәстүрдің ошағына айналды. Енді, осы мұраны, баға жетпес байлықты келешек ұрпаққа насихаттау, жеткізу, табыстау – мемлекет алдындағы негізгі міндеттердің бірі. Осы мақсатқа жетуүшін мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді цифрландыру – маңызды. Себебі, XXI ғасырдың бірінші ширегінде-ақ «Z» ұрпақ» өсіп-өнді. Жас ұрпақ кез келген ақпаратты цифрлық форматта қабылдауға бейім. Жаһандық өркениет көшінің де бағыты – осы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттержәне оларды шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы үшін айрықша маңызды. Олар елімізді цифрлық жаңғыртуісімен тығыз сабақтасып жатыр. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс» деп еді.

Сурет democracy.kz

Тас, қола, темір дәуірі. XX ғасырдан технократия дәуірі басталды. Содан бері 125 жыл ғана өтті. Жаңа ғасырдың бірінші ширегінен енді ғана асқалы тұрған Адамзат жаңа дәуірге қадам басып үлгерді.
Бұл – жасанды интеллект дәуірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы «Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты» деген сөзімен басталды. Ал, дәуірлер алмасқан өтпелі кезеңдерде талай ұлттың тілі мен мәдениеті жоғалып кеткені кәрі тарихтан белгілі. ЮНЕСКО-ның ресми дерегіне сүйенсек, XX ғасырдың өзінде-ақ 600 тіл жоғалыпты. Тілмен бірге мәдениет те, дәстүр де жоғалатыны анық. Жасанды интеллект уақыт өткен сайын дамып, адам тіршілігімен қабысып кетті. Сол себепті де, мәдениетті, салт-дәстүрді цифрландыру – заманның талабы. Әр халық жер жүзіндегі ғұмырын ұзарту үшін келешек ұрпақтың тәрбиесіне, біліміне бар күш-жігерін салады. «Тілін, ділін, мәдениетін білсін, бойына сіңірсін» дейді. Өйткені, ұлтты сақтайтын негізгі факторлар – осылар. Бүгінде жас буын
қандай да бір ақпарат алу үшін бұрынғыдай кітапхана, мұражайларды, мұрағаттарды шарлап жүрмейді. Бәрі ғаламторға жүктелген. Алақандай смартфоннан-ақ керегін тауып алады. Жасанды интеллект ғаламтордағы есепсіз ақпаратпен жұмыс істейді. Мәлімет алу үшін әр сайтқа кіріп, әуре болмайды. Жасан-
ды интеллектінің бір қосымшасына, мысалы чат GPT-ға сұрағыңызды қойсаңыз болды, бірер секунд ішінде-ақ бәрін көз алдыңызға тізіп береді. Жасанды интеллектіні қолданушылардың басым бөлігі мектеп
оқушылары мен студенттер. Тіпті, мектептегі мұғалімдер де жасанды интеллектіні пайдаланады. Бұл – өмірлік көзқарасы, дүниетанымы өзгеше «Z» ұрпаққа қажет тың, әрі тиімді әдіс деп мойындалғалы қашан. Бұл сөзімізге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Әлемде жасанды интел-
лектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келеді. Бұл жерде білім беру
саласы айрықша рөл атқарады» дегені дәлел. Облыс аумағында жалпы саны 16 музей бар. Соның үшеуі Қарағанды қаласында. Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ҚарЛаг музейі ғана цифрландырылған. Музейдің әр бөлімінде сенсорлы экрандар орнатылған. Экрандардан тарихи деректерді мемлекеттік және ресми орыс тілінде, сонымен қатар ағылшын тілінде оқуға болады. Музейдің басшысы Гүлдана Бейсенғалиева жаңа технологиялар музей жұмысының сапасын арттыратынын айтты.

– «1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық», «Карлаг балалары», «Карлаг: есімдер мен тағдырлар», «1930 жылдардағы Халықтардың Қазақстанға жер аударылуы» атты экспозициялық залдарында ақпараттық дүңгіршектер (инфокиоск) орналасқан. «ҚарЛаг: есімдер мен тағдырлар» көрме залында экспонаттарға қатысты түрлі бейнематериалдарды көрсететін проекторлар бар. Музейдің ресми сайтында, соның ішінде музей қорларындағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың тізімі де жарияланған. «Қайтарылған есімдер» акциясы, музейде өткізілген мәдени іс-шаралар туралы мәліметтерді жариялау бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Басқа да мәліметтер музейдің әлеуметтік желідегіпарақшаларына шығарылады. Музейге келушілер үшін «Виртуалдытур» жүзеге асырылды. Және де 2025 жылдың екінші жартыжылдығында музей қорындағы маңызды құжаттарды цифрландыру үшін қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың ұрпақтары заманауи планетарлық кітап сканерін сыйға тартты, – деді Гүлдана Бейсенғалиева.

Мұндай технологиялар облыс аумағындағы басқа музейлерде әзірге жоқ. Бірақ, мұндай форматтың тиімділігін ҚарЛаг музейінен көруге болады.
Елімізде «Кітап оқитын ұлт жобасы» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда айтқан тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылуда. Өңірдегі кітапханалар цифрландырылып жатыр. Н.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Айнұр Шаймұханбетова аймақтағы кітапханалар цифрлы технологиялармен қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.

– Биыл облыс кітапханала-рында 103 мыңнан астам құжат цифрландырылды. Бұл қорда өлкетану бағытындағы әдебиеттер, жергілікті авторлардың еңбектері, мерзімді басылымдардағы мақалалар және басқа да құнды материалдар қамтылған. Ең құнды басылымдардың электрондық көшірмелері Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталы арқылы да қолжетімді. Сонымен қатар, облыс кітапханаларында ірі цифрлық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана «Қарағанды облысының цифрлық баспасөз архивін құру» жобасын іске асыруда. Онлайн қызметтер бағытында Қарағанды облысының еліміздің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру мақсатында бірнеше заманауи онлайн сервистерді енгізді. Атап айтқанда, кітапхана сайтында «Онлайн кітаптар» айдары жұмыс істейді. Мұнда пайдаланушылар электронды форматтағы әдебиеттермен таныса алады, – деді Айнұр Шаймұханбетова.

Сонымен қатар, «виртуалдық анықтама» қызметі арқылы оқырмандар қашықтан сұраныс жасап, қажетті ақпаратты ала алады екен. Сайтта кітапханашымен тікелей чат арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік берілген. Қолданушылар кітап мерзімін онлайн түрде ұзарту қызметін де пайдалана алады. Бұл сервистер кітапхана жұмысын цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналатынын атап өтті кітапхана директоры. Бүгінде Қарағандыдағы театрлардың да жұмысы цифрландырылған. Спектакльдердің билеттерін арнайы сайттардан сатып алуға болады. Сонымен қатар, афишалар да театрлардың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарнамаланады.
Мәдениетімізді цифрландыру – қазақ халқының мыңжылдықтарды қамтыған тарихын, мәдениетін жаһан жұртына танытуда шешуші рөл атқармақ. Заманының тілін білген ел ғана
өркениет көшіне ілесе алады.

Ерік НАРЫН
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button