Бас тақырыпБілім

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні 2 қыркүйекке ауысады. Алайда 1-сынып оқушылары үшін 1 қыркүйек күні мерекелік іс-шара өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

Сурет kaz.caravan.kz

– Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады,- дейді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Конституция күніне байланысты қазақстандықтар:

– бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

– алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button