Жаңалықтар

Биыл маусымдық еңбекпен төрт мыңнан астам жас қамтылады

Жыл сайын жасөспірімдерді еңбекке баулу, жазғы уақыттағы бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істейді. Биыл осы бағдарлама аясында облыс көлемінде маусымдық еңбекпен 4 455 жасты қамту жоспарлануда. Бұл үшін бюджеттен 611 млн. теңге бөлінген. Сонымен қатар, бұл сомманы жыл соңына дейін арттыру көзделген.

Сурет: басқарма басшысының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Биыл өңірде маусымдық еңбекпен 4 455 жас қамтылады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда – 1,4 мың адамға артық. Биыл жұмыспен қамтылатын жастардың басым бөлігі, яғни үш мың адамы Қарағанды мен Теміртау қаласына тиесілі екен.

 – Биыл өңірлерде «Жасыл елмен» қатар студенттік құрылыс және педагогикалық жасақтардың жұмысын жандандыруды жоспарлап отырмыз. Әдеттегідей, еңбек жасақтарының барлық қатысушыларына фирмалық киім-кешек беріліп, жалақы төленеді. Жалақының ең төменгі мөлшері – 14-16 жастағы қатысушыларға – 71 мың теңге. Күніне төрт сағат жұмыс істейді. 16 жастан ересек қатысушыларға – 105 мың теңге төленеді. Олар күніне алты сағат жұмыс істейді, – деді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Біржан Әлімжанов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button