Бас тақырып

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі

2024 жылы қазақстандық колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға ұлғаяды,  – деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Zakon.kz мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінен бері 250 мыңға жуық колледж студентінің стипендиясы 50%-ға артқан. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі биыл 300 мыңға жуық студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға көбейетінін атап өтті.

Орта буын мамандықтарында оқитын студенттер 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алатын болады. Жұмыс квалификациясы бойынша оқитындардың стипендиясы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге ұлғаяды, – деді Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сурет: pixabay.com

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

#орталыққазақстангазеті  #білімсаласы  #қарағандыбілім  #қарағандыбілімбасқармасы #қарағандыұстаздары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button