Биыл көктемде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет биылғы жылдың наурыздан мамырға дейінгі аралықтағы ауа райы болжамын ұсынды.

Ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, бірақ қысқа мерзімді суық және үсік болуы мүмкін. Өтпелі маусымда ауа райы әдетте тұрақсыз болады, сондықтан температура кенеттен құбылып, ауа райы жиі тосынсый жасауы мүмкін.
Синоптиктер көктемде ауа температурасы күрт құбылуы мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде қар жауады, әсіресе солтүстік облыстарда, сондай-ақ арктикалық ағындар кезінде боран болып, күн күрт суытуы ықтимал. Дегенмен оңтүстік ауа ағындарының күшеюімен, әсіресе сәуір және мамыр айларында температура бірден жоғарылап, ысып кетуі мүмкін. Осылайша, 2025 жылы сәуір айының ортасында Қазақстанның басым бөлігінде термометр +22…+30°С дейін көтеріледі.
2025 жылдың көктемінде өңірлер бойынша жауын-шашын мөлшері әртүрлі болады.
Наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батыс жартысында (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе жәнеҰлытау облыстарының оңтүстігінде) нормаға жуық жауын-шашын болжанады.
Сәуір айында республиканың басым бөлігінде болжам қалыпты, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан артық болады деп болжанып отыр.
Мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталығында (Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде) нормадан аз болуы мүмкін.
Мамыр айында норма қиыр солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының, шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында) жаңбыр көбірек жауады.
2025 жылдың көктемі елімізде негізінен жылы болады. Бірақ ара-тұра суық ауа райы болжанады. Қар жауып, аяз болуы мүмкін, сондай-ақ ыстық ауа райы ерте басталуы мүмкін.
Жауын-шашын әркелкі таралады: солтүстік облыстарда ылғал көбірек, оңтүстік және орталық аймақтарда аз болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА