Бас тақырып

Биыл өңірде бірқатар спорт кешендері жөндеуден өтпек

Биыл өңірде спорт әуесқойлары үшін бірнеше спорт кешені мен стадионның құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, 7 спорт нысанына түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, былтыр 12 спорт нысанына 88,6 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 14 спорт кешені жөнделмек.

Мәселен, Бұқар жырау ауданындағы екі бірдей кентте ДЩСК ашылады. Атап айтсақ, Ботақара мен Ғ.Мұстафин кентінде 320 орындық ДШСК ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, дәл осындай 100 орындықты спорт кешені Абай ауданы, Топар кентінде де ашылады. Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінде – 150, Приозерск қаласында – 210 және Ақтас кентінде – 150 орындықты ДШСК ел игілігіне берілдеді деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде 100 орындық кешен мен Осакаровка кентінде жүзу бассейн кешенін салу жұмыстары қолға алынған. Және тағы бір айта кететін жайт, «Қазақстан халқына» қоры Бүркітті, Шашубай, Ахмет, Өспен елді мекендеріне, «Самұрық-Қазына» Ақжарлы, Доскей, Ағадыр ауылына өз қаржаты есебінен спорт кешендерін салып беруге уәде етіп отыр. Бүгінде кешендерді салу жоспары әзірленуде.

Биыл өңірдегі жеті спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл қатарда «Қарағанды-Арена» мұз сарайы да бар. Одан бөлек, ұлттық және ат спорты түрлерінен «Қайрат» мектебі, «Бригантина» сауықтыру лагері де биыл жөндеуден өтетін нысандардың тізімінде тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button