Бас тақырып
Биыл елімізде 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр
Бүгін Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарын жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі kaz.zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл ел бойынша 850-ден астам офицер шақырылмақ. Атап айтсақ:
• 700 офицер – Қарулы күштерге,
• 80 офицер – Шекара қызметіне,
• 64 офицер – Ұлттық ұланға,
• 15 офицер – ТЖМ-ге жіберіледі.
Шақыру ең қажетті әскери мамандықтар бойынша жүргізіледі. 29 жасқа дейінгі (медицина бойынша – 32 жасқа дейін) денсаулығы жарамды офицерлер шақырылады. Қызмет кезінде жалақы, тұрғын үй төлемі, тамақ және медициналық қызмет қарастырылған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



