Өңірде газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қарағанды мен Теміртау қалаларында 3 мыңға жуық тұрғын үй көгілдір отынға қосылған.
Қарағанды мен Теміртау тұрғындарына газды бөліп төлеуге барлық жағдай жасалып отыр. Атап айтар болсақ, 300 тұрғынға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығы арқылы 5 жылға пайызсыз несие берілген. Биыл Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларының 2 мыңнан астам тұрғын үйі газ тарату желілеріне қосылады деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ