Бас тақырыпРесми

Биыл Қазақстанның Ауғанстанмен сауда айналымын 3 млрд. АҚШ долларына жеткізу жоспарда

Орталық Азия елдерінің ішінде Ауғанстан Қазақстанмен ең көп сауда қатынастарын орнатқан ел. Өткен жылдың өзінде өзара тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткішті биыл 3 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарда. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді.

– Ауғанстан Орталық Азияның көлік дәлізі. Орталық Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдері арасындағы байланыстырушы көпір. Одан бөлек, Қазақстанға Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне, Африкаға шығу мүмкіндігін ашады. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін сауда үшін жаңа және өте тартымды нарықтар, – дейді Қайрат Төребаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстанға тұрақты негізде гуманитарлық көмек көрсететінін айту керек. Түрлі бағалаулар 40 млн. халқы бар Ауғанстанда 19-20 млн. адам азық-түлік тапшылығына тап болуы мүмкін. Биылдың өзінде Ауған тарапына 5 403 тонна көлемінде гуманитарлық көмек берілді.

Салтанат ІЛИЯШ,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button