Бас тақырыпЖаңалықтар

Биыл Қазақстанда 43 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады

Үкімет 2026 жылғы 20 наурызда Президент жарлығын іске асыру туралы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны екі кезеңде өтеді: наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсанға белгіленген деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Негізгі мәліметтер:
• 18–27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 43 231 ер азамат әскерге шақырылады;
• Өңірлердің әкімдіктері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырып, медициналық қамтамасыз етуді жүргізеді;
• ІІМ әскерге аттану орындарында күшейтілген кезекшілік ұйымдастырады;
• Көлік министрлігі әскерге шақырылғандарды және запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тасымалдауды қамтамасыз етеді;
• Қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктері тасымалдау шығындарын республикалық бюджет есебінен өтейді.

Қаулы 2026 жылғы 20 наурыздан бастап күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін Президент әскерден босату және жаңа шақыру туралы жарлыққа 16 наурызда қол қойған. Былтыр Қазақстан Қарулы күштеріне 42 098 адам шақырылған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button