АймақБас тақырып

Биыл Қарағандыда 730 пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Қарағандыда жергілікті бюджет қаражаты есебінен басталған тұрғын үйлердің құрылысы жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес, 30-шы шағынаудандағы үш тұрғын үйдің, «Трилистник» тұрғын үй кешеніндегі №9 үйдің, сондай-ақ 14-ші шағынаудандағы үш тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталады. Бұл жайлы Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

Сурет ЖИ

-Құрылыс жұмыстары тәмамдалып, үйлер пайдалануға берілгеннен кейін баспаналар кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді. Бұл рәсімді «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын болады.

Биыл құрылыс аясында жалпы саны 730 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Мерзімдерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға тоқталсақ, уақыттың едәуір бөлігі инженерлік коммуникацияларды тартуға жұмсалуда. Бұл — күрделі әрі ұзаққа созылатын үдеріс. Сонымен қатар бірқатар нысандар бойынша сот процестері де құрылыс мерзіміне әсер еткен, – деп жазды қала әкімі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button