Биыл Қарағанды облысында апат салдарынан жарақат алғандар саны 10 пайызға артқан
Жыл басынан аймақтағы тас жолдарда 131 жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 47 адам қаза тауып, 152 адам жарақат алды. Жол көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға төмендеді. Алайда, апат салдарынан жарақат алғандар саны 10 пайызға артқан.
Жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, жол апаттарының басым бөлігі елді-мекендерде орын алған. Яғни 56,4%-ды құрайды. 13 адам қаза тауып, 87-сі жарақат алған.
– Республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай да күрделі. 46 жол апатында 27 адам қаза тауып, 54-і түрлі жаратақ алды. Облыстық маңызы бар жолдарда 11 жол көлік оқиғасы тіркелді. Пайыздық мөлшерлемемен шаққанда – 9,1%. 7 адам қаза болып, 11 жарақаттанған. Жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдық мөлшерін шамадан тыс асыруы. Дәл осындай себеппен 62 факті тіркелді. Сонымен қатар, 37 факт – реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол жүру ережелерін бұзуы болса, 8 факт – қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша тіркелді, – дейді облыстың полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Оспанов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz