Бас тақырыпБасты тақырып

Биыл Қарағанды облысында 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2025 жылдың басынан бері Қарағанды облысында 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның үштен бірі жаңа жұмыс орындарына орналасқан. Бүгінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі небәрі 4 пайызды құрап отыр.  

Коллажды жасаған Ш. Адамбекова

Өңірде жастарды және әлеуметтік осал топтарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта өңірлік жұмыспен қамту картасы іске асырылып келеді. Ол мемлекеттік бағдарламалар мен «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімі», «Күміс жас», «Алтын жас» жобаларын, сондай-ақ кәсіби оқыту мен қайта даярлау бастамаларын біріктіреді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Төлеу Мұхтардың айтуынша, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар беру мен оқытуға айрықша мән берілуде. «JUMYS TAP» жобасы аясында Қарағанды мен Теміртауда кеңес беру орталықтары жұмыс істейді. Мұнда тұрғындарға мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетіледі. Жобаға қатысушылардың жартысы дәнекерлеуші, сантехник, тігінші және шаштараз сияқты мамандықтар бойынша колледждерде оқып шықты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button