Бас тақырыпЖаңалықтар

Биыл өңірдегі облыстық маңызы бар жолдардың 12 учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қызылорда-Павлодар» тас жолының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Жобалау басталғаннан бүгінге дейін облыс орталығының Оңтүстік-Батыс айналма жолын салу мәселесі қарастырылуда.

 

– 2019 жылдан облыс аумағында Екатеринбург-Алматы тас жолы 1-техникалық санатқа (2 жолақтан 4 жолаққа) ауыстырыла отырып, жолдың Қарағандыдан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесі қайта жаңғыртылды. Бүгінгі таңда асфальт төсеу, жолды ретке келтіру, жарықтандыру және көлік айырықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 158 шақырым болатын (Қарағандыдан Жезқазғанға дейін 946 – 788 км) республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» автожолының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталуда, – дейді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елжас Жартыбаев

Биыл жалпы ұзындығы 195 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдардың 12 учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 72 шақырымға жуық (5 учаске) жолда орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Мәселен, Қарқаралы ауданы бағытына қарай – 44 шақырым, Баянауылға қарай – 47 шақырым, Жартас-Долинка бағытына қарай – 20 шақырым.

Сонымен қатар, 394 шақырым аудандық маңызы бар, елді мекен көшелері мен елді мекенішілік жолдар жөндеуден өтеді. Бүгінде оның 177 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button