Биыл «Алтын белгі» қорытынды бағалар негізінде беріледі

Биылғы жылы Қарағанды облысының 374 түлегі «Алтын белгі» иегері атағына үмітті, ал, Қазақстанда 7,5 мыңға жуық түлек «Алтын белгі» иегері атануы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облысының Білім басқармасы хабарлады.

2017 жылдан бастап ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау талап етілмейді, барлық пәндер бойынша 5-11 сыныптағы қорытынды жылдық бағалары «5» болса және бітіру емтихандарын өте жақсы тапсырса жеткілікті.
ТЖ режиміне байланысты 11 сынып оқушылары биылғы жылы бітіру емтихандарын тапсырмайды, сондықтан «Алтын белгі» жылдық қорытынды бағалар негізінде беріледі.

Облыста белгіні алуға барлығы 374 түлек (2019 жылы – 292), үздік аттестатқа – 322 (өткен жылы – 232) түлек үміткер.