Биыл аймақта 161 шақырым теміржол жаңартылады
Қарағанды облысында биыл 161 шақырым теміржолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүркітті – Қарағайлы, Ащысу станциясы, Саумалкөл және т. б. аралықтарында 34,2 км жол рельс-шпалдық торларды ауыстыру арқылы күшейтілген орташа жөндеумен қамтылады. Теміржолшылар Атасу станциясынан Қаражал станциясына және Ащысу станциясынан Саумалкөлге дейінгі аралықтарда 52,5 км көлемінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мамандары.
Жалпы ұзындығы 42,4 шақырым болатын бірнеше аралықта балласты тазарту жоспарланған. Сондай-ақ рельстік тіректер мен бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, рельстік соқпақтардың тұтастығын қалпына келтіру көзделген.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz