Бас тақырыпЖаңалықтар

Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы қандай мамандықтарға грант басымдықпен бөлінетінін мәлімдеді.

Сурет: www.gov.kz

Министрлік мәліметінше, Еңбек министрлігі сұранысқа ие және тапшылық байқалатын мамандықтар бойынша талдау жүргізіп, ел мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ескере отырып, еңбек ресурстарына деген сұранысты бағалайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштері, салалардағы экономикалық үрдістер мен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары да ескеріледі.

– 2025 жылы мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарына ерекше басымдық берілмек. Жаңа үлестірімге сәйкес, техникалық мамандықтарға бөлінетін грант үлесі 60 пайызға дейін артпақ. Ал гуманитарлық сала – 28%, медицина– 8%, шығармашылық мамандықтар – 4% деңгейінде қалады, – делінген министрліктің таратқан мәліметінде.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button