Бас тақырып

Биыл қай мамандықтарға грант көп?

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Ал, барлық гранттың 60%-ы – техникалық мамандықтарға бағытталған, деп хабарлайды Ortalyq.kz ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Сурет bilimdinews.kz

– Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Саны – 19 344 грант. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі, – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Министрлік мәліметінше, жыл сайын жалпы грант санынан арнайы квота бөлінеді. Биыл да әлеуметтік осал топтарға квота сақталады. 2022 жылдан бастап ауыл квотасы 35 % болып бекітілген.

– Атап өтетін жайт, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады. 2024 жылы жалпы грант санының 20 %-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді, – деді ведомство өкілі.

Министрліктегілер 2022 жылдан бастап беделді халықаралық пәндік олимпиада, жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ-сыз ие бола алатынын атап өтті.

– Мемлекеттік грант конкурсында балдардың теңдігі жағдайында басымдылық «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Биыл жеті мыңнан астам түлек «Алтын белгіге» ие болған. Әскери борышын өтегендерге қатысты да тоқталсам. Өткен жылдан бастап олар ҰБТ-сыз әңгімелесу арқылы тек ақылы негізде оқуға түсе алады немесе ЖОО-ның ішкі гранттарына үміткер болады, – дейді Гүлзат Көбенова.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button