Ресми

Биылға – 9 мың грант

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 941 грант берілді. Оның ішінде, ауыл тұрғындарына 5 769 грант бөлінді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жалпы осы жылға 9 мың грант беру жоспарланған.

Коллажды жасаған А.Коктаева

Берілген гранттардың басым бөлігі технологиялық жабдықтарды сатып алуға берілген. 3 941 грант иесі осындай мақсатты көрсеткен. Мал шаруашылығын дамытуға – 2 331, өсімдік шаруашылығына – 101, құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425, орын жайды жалға алу мақсатында 143 грант ұсынылды.

Алушылардың санаттары арасында көпбалалы отбасылардың мүшелері басым. Бұл санаттан 5 646 адам алған. мүгедектігі бар адамдарға – 1 446, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 045, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 253, асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 365, қоныс аударушыларға – 151 және қандастарға – 35 грант берілді.

Биыл гранттар алуға өтініштерді қабылдау 2 лек бойынша өткізілді. Үміткерлерден барлығы 30 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық – қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. Бұл ретте, комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Ведомствоның мәліметінше, келесі жылы да 9 мың грант беру көзделген.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button