Жаңалықтар

Биыл 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні практикада қолдана алады

Қазақстанда 2025 жылы білім беру саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын белсендірек енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі tengrinews.kz – ке сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құру жұмыстарын бастап кеткен.

Осы мақсатта барлық LMS жүйелері, яғни электронды күнделіктер мен журналдар үшін деректердің бірыңғай қоймасына айналатын Ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылады. Бұл барлық ақпаратты QazTech мемлекеттік бұлттық платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді. Вице-министрдің сөзін Үкіметтің баспасөз қызметі келтіреді.

Жаңа цифрлық шешімдер педагогтердің күнделікті жүктемесін азайтуға бағытталған. Атап айтқанда, жасанды интеллект агенттері педагогикалық кеңестерге дайындық барысында және өзге де ұйымдастырушылық жұмыстарда мұғалімдерге көмек көрсете алады.

Сонымен қатар, 2026 – 2027 оқу жылынан бастап өңірлердегі шағын жинақты мектептер үшін пилоттық Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады. Бұл жоба аясында ЖИ-репетиторлар қолданылатын болады. 2026 жыл ішінде 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын меңгереді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, оқушылар арасында жасанды интеллект сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылмақ.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button