Бас тақырыпЖаңалықтар
Биыл 1500-ге жуық қазақстандық көлік апатынан көз жұмған
Жыл басынан бері шамамен 1500 қазақстандық көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ortalyq.kz 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.
Биыл 15 862 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 92%-ға артық. Тас жолда 21 803 адам зардап шегіп, оның 1 480-і көз жұмған.
Көлік апатының басым бөлігі Астанада тіркелген. Мұнда 8 айда 3 485 адам зардап шеккен. Шымкент қаласында – 1 342 адам, Алматыда – 2 502 адам, Жамбыл облысында 1 712 адам жол-көлік оқиғасына ұшыраған.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.