Ресми

Биыл 15 637 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ атамекеніне оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап. 

 

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, ал 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден келді.

Тарихи отанына оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%),  Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button