Бас тақырыпЖаңалықтар
Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы бүгін, яғни 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Атышулы іске қатысты аппеляциялық сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.