Жаңалықтар
Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамайтынын жеткізді
Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін тағы да мойындамады.

– Кінәмді мойындамаймын. Сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор оқыған ақпараттарда ешқандай дәлел мен куәгерлер жоқ, – деді Бишімбаев.
Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы ашық режимде өтті. Іс бойынша алқабилер іріктелді. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.
Келесі сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz