Жаңалықтар

Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз!

ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!

 Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз!

Қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары мен құқық бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында 2021 жылы 30 қыркүйек сағат 15.00-де онлайн режимде Бірыңғай есеп беру күні өтеді.

Бірыңғай есеп беру күні санэпидқадағалау, мемлекеттік кірістер, жергілікті полиция органдарының, жердің пайдаланылуын бақылау басқармасының және т.б. қатысуымен өтеді. Онлайн кездесу Қарағанды облысы әкімдігінде өткізіледі.

Мекен жайы: Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13.

Онлайн кездесуге қатысу үшін алдымен 50-38-76 нөміріне хабарласып, тіркелу қажет!

Басқа материалдар

Back to top button