АймақҚарағанды

Бірлікті бекемдегендер

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысының орынбасары – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Әлібек Әлденей бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар нәзік жандылармен кездесті.

Ассамблеяның 30 жылды­ғына арналған шараға ардагер­лер, облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы және оның құ­рылымдарының мүшелері, эт­номәдени бірлестіктердің өкіл­дері, жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының мең­герушілері, журналистер, мә­дениет қайраткерлері, медиаторлар және өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

Әйелдерді мерекемен құттықтаған Әлібек Әлденей олардың 30 жыл ішінде қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтатын негізгі институтқа айналған Ассамблеяның мақсат­тары мен міндеттерін іске асы­рудағы маңызды рөлін атап өтті.

– Сіздер ерлермен қатар ел игілігі үшін жұмыс істеп, қо­ғамдық жұмыстардан қалыс қал­майсыздар. Бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы да үлес­теріңіз зор. Араларыңызда Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихында өшпес із қалдырғандар аз емес, – деді Әлібек Әлденей.

Жиналғандар өз кезегінде жылы лебіздер мен құттықтаулар үшін алғыс айтып, атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Мәселен, облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Аналар ке­ңесінің мүшесі, көпбалалы ана Раиса Исраилова өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу құпияларымен бөлісті.

– Менің бес балам бар. Бәрі қазақ тілін біледі және мемлекеттік тіл байқауларында талай рет жүлделі орындарға ие болды, – деді Раиса Исраилова.

Ал, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Динара Шорманбаева болса, өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қызметі туралы айтты.

Кездесуде «Абай жылу жүйелері» ЖШС сорғы қондырғыларының машинисі Наталья Ни де болды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы «Жұмысшы мамандықтары жы­лы» деп жариялануымен тұспа-тұс келгеніне тоқталды.

– Бұл еңбек адамына қоғам­дағы еңбексүйгіштік, кәсіпқойлық идеяларын және «Адал аза­мат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ілгерілетуде зор жауапкершілік жүктейді, – деді Наталья Ни.

Жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыру ісіндегі табысты жұмысы және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін кездесудің бірқатар қатысушыларына облыс әкі­мінің атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанат ІЛИЯШ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Сурет ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button