Бірлік түбі – тірлік
Наурыз мерекесі қарсаңында дәрігерлер қауымы назардан тыс қалған жоқ. Қарағанды қаласының мейрамханаларының бірі «Senim» кәсіподағымен бірлесіп, инфекциялық бөлімшеде тәулік бойы қызмет ететін дәрігерлер үшін тамақ жеткізуді ұйымдастырды.
Қазір бүкіл әлемнің дәрігерлері пандемияны жеңу үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Қазақстандық, оның ішінде қарағандылық дәрігерлер де үзіліссіз жұмыс істеуде. Бүгін бүкіл елдің тағдыры дәрігерлердің қолында. Көптеген мамандар тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді.
Бұл – бір-бірімізге көмектесе отырып, осы вирусты жеңе алатынымыздың жарқын мысалы. Тарихтан адамзат баласының бірліктің арқасында көптеген қиыншылықтан өткені мәлім.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Сіздерден дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң ұстануды, төтенше жағдай кезінде ешқайда шықпай, үйде қалуды және гигиена ережелерін сақтауды сұраймыз.