Жаңалықтар

Бірлік рухани үндестіктен басталады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы көтерген ұлтты ұйыстыратын 7 қағидат көңілден шықты.

Осы 7 қағидаттың ішінде маңыздыларына маман ретінде пікір айтатын болсақ, рухани үндестік мәселесі өте орынды көтерілді. Себебі, бұған дейін де елімізде рухани мәселелерді көтерген бағдарламалар болғаны рас. Бірақ, олардың дені халықтың рухын көтеретін деңгейге жете алды деп айта алмаймыз. Шынында, атағы жер жарғанымен, нәтижесі көрінбеді.

«Төл тарихымыз, ана тіліміз бен ата дініміз – елді біріктіретін бірегей құндылықтар. Оны дау-дамайға айналдыруға болмайды. Жұртты адастырып, теріс жолға салудан сақтанған жөн», – деді Президент.

Шынында, рухани үндестік болатын болса, оның тілі, жалпы ұлттық құндылықтары ашық түрде насихатталуы керек. Кез келген мемлекеттің тілі, мәдени құндылықтары басым болады. Ол басқа ұлттар тарапынан ешқандай қарсылық, қарама-қайшылық тудырмауы керек. Бірқатар елдердің саяси жүйесінде өздерінің ұлттық идеологиясын, тілін, құндылықтарын насихаттауда басқа ұлт оны тыңдауға, құрметтеуге мәжбүр. Осы орайда батыл саясат керек екенін айтқым келеді.

Айдос БӘДЕЛҰЛЫ, саясаттанушы.

Басқа материалдар

Back to top button