Жаңалықтар

Бірлік берекеге бастайды

Мемлекет басшысы Жолдауда халықтың ұлтаралық татулығы мәселесіне айрықша мән берді. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бірлігіміз – әралуандықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды», – деп атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанды мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүддесі қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Сондықтан, елдік ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруі және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауы берік қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде, бүгінде елімізде этносаралық сыйластық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан.

Қазақ елі үшін ең қымбат құндылық – ынтымақ, бірлік, келісім. Олай болса, ұлттық тұтастығымызға көлеңке түсірмей, этносаралық мәселелерді әрқашан әділетті шешіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың көңілін табу арқылы, ел егемендігін сақтап, еліміздің дамуына тиімді жағдай жасаймыз деп сенемін.

Мереке ЖҰМАНБАЕВА, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

ҚАРАЖАЛ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button