Бірлігі жарасқан көршілер

Қаражал қаласындағы №7 орта мектепте орналасқан №242 референдум учаскесіне Добровольская көшесінің тұрғындары бірге келіп, таңдауларын жасады.

Ымыра бірлігі мықты көршілер Конституциғда енгізілетін өзгерістерге дауыс берді. Олардың қатарында «Ақжол» партиясының өкілі, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Сексен Сүлейменов, ардагер ұстаз Киікбай Қожамбаев, ақсақал Төлеубай Ибраев, денсаулық сақтау саласының ардагері Нұрғайша Сүлейменова сынды қаланың белсенді тұрғындары бар.
«Біргеміз, берік іргеміз» дейді көше тұрғындары. Бірлігі жарасқан көршілер ел өміріндегі маңызды оқиғалар үнемі бірге атсалысып жүреді екен.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

ҚАРАЖАЛ қаласы.