Бас тақырып

Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы

Коллажды жасаған Арайлым Коктаева

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан хал­қының бірлігі күнімен – бейбітшілік, дос­тық және келісім мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн біздің еліміздің басты құндылықтары – елімізде тұратын әртүрлі этнос өкілдері арасындағы өзара құрмет, бірлік және татулықты насихаттайды. Бірлік пен келісім-қо­ғамы­мыздың берік іргета­сы, бейбітшіліктің, тұ­­­рақ­­­тылық пен өркендеудің кепілі.

Қарағанды облысы эт­но­с­аралық татулықтың үл­гісі іспетті. Мұнда ондаған жылдар бойына 100-ден астам этностың өкілдері достық пен өзара түсіністікте өмір сүріп ке­леді. Осы құндылықтарды сақтаудың арқасында біз сенімді түрде алға жыл­жып, еліміздің іргесін нығайтып, экономикамыз­ды дамытып, Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құ­рып жатырмыз.

Барлықтарыңызды осы­нау мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз! Қазақстан халқының достығы нығая берсін!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button