Ресми

Бірінші болып дауыс берген қала тұрғыны сыйлық алды

Бүгін елімізде республика бойынша аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлауы өтуде. Приозерск қаласында орналасқан барлық сайлау учаскелерінде, жергілікті уақыт бойынша мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде. Олар сайлаудың халық үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сайлаушыларға тосын сый да жасалды.

№258 сайлау учаскесіне ең алғаш болып өз таңдауын жасауға асыққан шаһар тұрғыны Дәулет Шашалов сыйлыққа ие болды.

– Әр сайлау еліміз үшін маңызды науқан. Сондықтан, әр азаматтың дауысы маңызды. Оның ішінде, Президент бастамасымен қала әкімін халықтың таңдауының маңызы жоғары. Алғашқылардың бірі болып дауыс бергенімді мақтан етіп тұрмын. Осы әрекетіммен көпке үлгі болсам, қандай тамаша! Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше болды десем де болады. Еліміз өркендей берсін, – дейді Дәулет Шашалов.

Нұрдос КӘРІМ,

ПРИОЗЕРСК.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button