Ресми

Бірінші болып дауыс берді

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлау науқанына балқаштықтардың белсенді екені байқалады. Әнұран орындалысымен сайлаушылар тізімделіп дауыс бере бастады. Балқаштағы Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында орналасқан №193 сайлау учаскесінде бірінші болып қала тұрғыны Гүлсара Жетпісбаева дауыс берді. Сайлауға қатысты пікірін білдірді.

– Бұл күн мен үшін ерекше, есте қалатын ғажайып күн. Бүгін еліміздің болашағына дауыс беріп, елдік жолында еңбек етер депутатқа даңдау жасадым. Еліміз үшін аса маңызды қадам болып табылатын сайлауға келіп дауыс бергеніміз үшін өте қуаныштымын. Еліміз тыныш, Отанымыз аман болсын! – дейді Гүлсара Жетпісбаева. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда шағын шаһарда 48 сайлау учаскесі құрылған. Онда сайлаушылардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған.

Нұрдос КӘРІМ,

БАЛҚАШ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button