Бірегей балалар ауруханасы
Облыстық балалар клиникалық ауруханасы Оңтүстік-Шығыс аудандағы жаңа ғимаратқа көшті. Бұл – шынымен де, көптен күткен нысан, жағымды жаңалық. Аймақ дәрігерлері заманауи аппараттарда ең күрделі деген операцияларды да осында жасайтын болады.
Күйік шалғандарға арналған инновациялық кереуеттер нөлдік гравитация мен нөлдік ауырлық әсерін жасайды. Төсек толтырғышының тығыздығын судың салыстыруға болады. Соның әсерінен науқас «жүзіп» жүргендей сезімде болады. Бұл зақымдалған теріге қысым түсірмеуге көмектеседі. Микросфералар арқылы өтетін ауа автоматты түрде қажетті температураға дейін қызады және бактериялардың көбеюіне жол бермей, терінің жазылуы әсер етеді.
Ауруханада консультативтік орталық жұмыс істейді. Бар бөлімшелермен қатар, үш жаңа бөлім болады – травматология және ортопедия, нейрохирургия, жақ-бет.
Бұрын бұл бағыттар бойынша пациенттерді емдеу үшін Ана мен бала орталығы, Травматология және ортопедия институты, Мақажанов атындағы клиникада немесе Астананың нейрохирургия ғылыми орталығына жіберілетін. Енді, мамандарымызды оқытып, осы салаларды өзімізде дайындаймыз. Жабдықтар жоғары технологиялық, операциялық бөлмелер автономды желдетумен жабдықталған, оларда HEPA сүзгілері орнатылған.
Медициналық мекеме базасында емдік-дене шынықтыруға арналған заманауи кабинеттері, тұз, сенсорлық және шунгитті бөлмелер бар.
Осы уақытқа дейін балалар ауруханасы болған ғимарат медицина қызметкерлеріне арналған көпқабатты тұрғын үй ретінде қайта құрылады. Жас мамандарға арналған 94 пәтер жабдықталмақ.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz